Полицейлер тұрғындарға үндеу жасады

Елордалық полицейлер көктайғаққа байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда абай болуға шақырды.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 20 желтоқсан күні елордада 80-ге тарта жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бір адам дене жарақатын алған. Емханаға қаралғаннан кейін ол үйіне қайтарылды.

«Жолдың реттелетін және реттелмейтін бөлігін басып өтер кезде жаяу жүргіншілерді сақ болуға шақырамыз. Жүргізушілер де жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілерге өтетін жолды басып өтерде сақ болса дейміз. Жылдамдық режимін қатаң сақтау керек. Әсіресе жүргізушілерді халықаралық сапарларды кейінге шегеріп, ауа райы мен жолдың жай-күйі туралы хабарламаларды бақылап отыру керектігін ескертеміз», – делінген департаменттің хабарламасында.

Полиция сонымен қатар қардың қаншалықты қалың жауатынын, көктайғақтың жай-күйінен мәлімет беретін хабарламаларды назар тыс қалдырмау керегін ескертеді. Қазіргі уақытта қала көшелеріндегі қарды күреу үшін мамандандырылған техникалар барынша молынан жұмылдырылған.

«Елорда тұрғындарын осы ескертуге түсіністікпен қарауды өтінеміз. Патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын орындау керек. Жолда келе жатқан қар күрейтін техникалардың жұмысына кедергі келтірмеуді сұраймыз», – делінген хабарламада.

Back to top button