Елімізде 25 желтоқсаннан бастап шектеу шаралары күшейтіледі

21 желтоқсан, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Елімізде 25 желтоқсаннан бастап шектеу шаралары күшейтіледі Қазақстанда 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін шектеу шаралары күшейтіледі. Осыған байланысты Ведомствоаралық комиссия бірқатар шешім қабылдады: Үкімет басшысы әкімдерге өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында қажетті шектеу шараларын қабылдауды тапсырды. Премьер-Министр қоғамдық орындарды, мектептер мен балабақшаларды сапалы санитарлық өңдеу, сондай-ақ егу пункттерін вакцинациялауға дайындау қажеттігіне баса назар аударды. Ішкі істер министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, мереке алдындағы және мереке күндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды.