Жазушы Сұлтан Тәукейұлына Қазақстанның Құрмет грамотасы табысталды.

Жазушы Сұлтан Тәукейұлына Қазақстанның Құрмет грамотасы табысталды.

Жазушы Сұлтан Тәукейұлына Қазақстанның Құрмет грамотасы табысталды.
ашық дереккөзі
2020 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Қазақстанның Моңғолиядағы елшілігінде қазақтың ұлы ақыны, философы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының мұрасын кеңінен насихаттауға қосқан үлесі үшін Сұлтан Тәукеұлын Құрмет грамотасымен марапаттау рәсімі өтті.
С.Тәукейұлы – Абай шығармаларын зерттейтін Моңғолияның алғашқы әдебиеттанушыларының бірі. 2020 жылы Елшіліктің қолдауымен С.Тәукейұлының «Абайдың қара сөздері» (Сургаалууд) кітабы монғол тілінде жарық көрді. Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Абай және Қазақстан ХХІ ғасырда» мақаласын аударды. С.Тәукейұлының аудармалары мен шығармашылық ізденістерінің арқасында моңғол оқырмадары Абай Құнанбайұлының философиялық мұрасымен танысуға және зерделеуге мүмкіндік алуда.
С.Тәукейұлы 1944 жылы дүниеге келген. Ол – дипломат, аудармашы, профессор және экономика ғылымдарының докторы. Әр жылдары ол Моңғолияның Венгрия мен Австриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып жұмыс істеді. Екі мәрте Моңғолияның Мемлекеттік Ұлы Хуралының (Парламентінің) мүшесі болып сайланды.
Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Ж.Әділбаев Құрмет грамотасын табыстау барысында мемлекет басшылығы С.Тәукейұлының Қазақстан мен Моңғолия арасындағы достық қатынастарын нығайтуға, сондай-ақ қазақ даласының ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының бай мұрасын насихаттауға қосқан зор үлесін жоғары бағалайтындығын мәлімдеді.
Өз кезегінде кітап авторы Абай мұрасы – қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған барлық даналығын бойына сіңірген рухани байлық екенін баса айтты. Оның шығармалары өлмейді және уақыт өте келе өз өзектілігін жоғалтпайтынын атап өтті.