Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған күдікті құрықталды

Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған күдікті құрықталды

Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған күдікті құрықталды
ашық дереккөзі
Оқиға 17 желтоқсанда шамамен сағат 23:15-те болған. Еңбекші аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне қарт әйелге жедел көмек қажеттігі туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды NEGE порталы.
Оқиға орнына шұғыл барған жедел-тергеу тобы үйдің кіреберісінде 70 жастағы әйелге зорлық-зомбылық жасалмақ болғанын анықтаған.
Күдіктінің кім екені белгілі болды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны. Бұған дейін бірнеше рет істі болып, сотталғаны анықталды. Аталған іс қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-тармағы, 120-бабы 1-тармағы (зорлауға әрекет ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді.