Айбек Нұғымаров ауыл халқымен кездесті

Айбек Нұғымаров ауыл халқымен кездесті

Айбек Нұғымаров ауыл халқымен кездесті
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысының мәслихат депутаттығына кандидат Айбек Нұғымаров Абай ауданының тұрғындарымен кездесті, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.   «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа үміткер Нұғымаров Айбек Серикболұлы Абай ауданы Қасқабұлақ ауылының тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында ол партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, Шығыс Қазақстан облысында іске асырылатын 2025 жылға дейінгі жұмыс жоспарларын таныстырды. Жиналғандар арасында өздерін толғандырған сауалдарын қойғандар да аз болған жоқ. Айбек Нұғымаров әр сұрақты мұқият тыңдап, толыққанды жауап берді. - «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы халықтың жағдайын жақсартуды басты мақсат етеді. Еліміздің экономикасын дамытып, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдап, мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз ету жоспарға қойылған негізгі міндеттердің бірі. Осы жолда бәріміз жұмыла еңбек етуіміз қажет, - деді Шығыс Қазақстан облысының мәслихат депутаттығына кандидат.
Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сайлау қорынан төленді