Жаңалықтар

Махамбет ауданында "Есіктен есікке" акциясы аясында үйлерді аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

ашық дереккөзі

Махамбет ауданында "Есіктен есікке" акциясы аясында үйлерді аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Бүгін Махамбет аудандық маслихат депутаттығына кандидаттар "Есіктен есікке" акциясы аясында үйлерді аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.  Ауданға қатысты дайындалған бағдарламада ірі және ұсақ мал басын көбейту, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды тұрғын үймен қамту, ауылдық округтерге ауылішілік жолдар салу, Махамбет ауылынан кәріз суларын тазалайтын станция салу, медицина мамандарын тарту сияқты тағы басқа көптеген игілікті істерді жүзеге асыру жолдары тайға таңда басқандай жазылғанын түсіндірілді.