Үміткерлер Ақжайық халқымен кездесті

Үміткерлер Ақжайық халқымен кездесті

Үміткерлер Ақжайық халқымен кездесті
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Айбек Габдуллин, Нұржан Ермуханов, Әсел Бауыржанқызы сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ақтұрлан Ерманов пен Айзада Байғалиева Ақжайық ауылының тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. «Nur Otan» партиясы аудандық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Самат Жайлашев аудандық, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлерді таныстырды. Алдымен сөз алған Айбек Серікұлы:
- Ақжайық ауылы маған бөтен емес. Осы ауылда менің анам өмірге келген. Өзім қызылқоғалық болсам да нағашы жұртым әрқашан ыстық көрінеді. Бала кезімнен дәрігерлік саланы таңдадым. Оқуымды бітіргелі осы салада еңбек етіп келемін. Ақ халатты абзал жандар үшін халықтың алғысынан артық марапат жоқ. Алдыңа ауырып жабырқап келген адамды жылы сөзбен жұбатып, дертінің дауасын тауып, жадыратып жіберудің өзі бір бақыт. «Nur Otan» партиясы праймериз жариялаған кезде менде қатысуға бел байладым. Сонау 1991 жылы Қазақстан егемендік алған жылдары елдегі жағдай қиын болғаны белгілі. Сол қиындықты ауызбіршілігіміздің арқасында жеңіп шықтық. «Nur Otan» партиясы да еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Бірлігі бекем елді ешқандай жау алмайды. Сондықтан баршаңызды «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырамын, – деген А. Габдуллин тағы бір облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әсел Жолмуханованың шетелде оқып-білім алған білікті маман екенін, бүгінде тынымсыз еңбегінің арқасында «CoIara kz» құрылыс жобалау компаниясының директоры, «Сұлтан-палас» қонақ үйінің иесі дәрежесіне жеткенін, қайырымдылықпен айналасуды жаны сүйетінін айтып өтті.
 />
<div class=- Ал облыстық мәслихат депутаттығына үміткер, Қазақстан халқы Ассамблеясы Атырау облыстық филиалы қоғамдық келісім төрағасы Нұржан Ермуханов Атырау қаласының тумасы болса да, атасы Жақып Махамбетте (Жаманқалада) туып, жерленген. Бұл азамат да облысымызға жомарттығымен танылған. 1995 жылы Атырауда балаларға арнап спортзал салдырды. Пандемия кезінде аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге көмек қолын созып, жеті ауданға тыныс алу оттегі концентратын алып берді. «Мәңгілік ел», жастар, денсаулық саласына қатысты жиі мәселе көтеріп жүр, – деді А.Серікұлы.
 />
Нұржан Ермуханов еліміздің Тұңғыш Президенті, партияның негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ елінің бүгінгі күнге жетуіне үлкен еңбек сіңірген қайраткер екенін айтып «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ақтұрлан Ерманов та Ақжайықта туып-өскенін, кәсіпкерлікпен айналысып, «Дастан» шаруа қожалығын құрып, еңбек етіп келе жатқанын, өзінің таңдауы «Nur Otan» партиясы екенін айтты. Ауыл тұрғыны, зейнеткер Төлеген Жылқышиев алдағы сайлауға байланысты бағдарламаларымен таныстыра келген үміткерлерге ризашылығын білдіріп, Жайық өзенінің тартылып жатқанын айтып, ықпал етуді сұрады. Бұған А.Габдуллин жауап беріп, Жайық Ресеймен шектесетінін, оны екі ел үкіметі бірлесіп шеше алатынын жеткізді.

<img class=«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Махамбет ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.