Атырау облысының Махамбет ауданында шаруа қожалықтарының өкілдерімен үгіт-насихат кездесуі өтті

20 желтоқсан, 2020 / Асқар Аxметқазы
ашық дереккөзі
Атырау облысының Махамбет ауданында шаруа қожалықтарының өкілдерімен үгіт-насихат кездесуі өтті Үгіт насихат жұмыстары аясында Аудандық маслихат депутаттығына кандидат Қонашев Аманкелді  Алға ауылы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген кәсіп иелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап патрияға дауыс беруге шақырды. Махамбет ауданы ауылшаруашылығына бейім аудан болғандықтан сайлауалды бағдарламасында келесі мәселелер алдағы 5 жылдықта орындалатынын жеткізді. Нәтижесінде 2025 жылы ұйымдастырылған шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара малдың үлесі 50,4 пайызға, ұсақ қара мал басының үлесі 44,4 пайызға жетеді. Каналдарды жөндеу арқылы жайылымдық, шабындық, егістік жерлер айналымға қосылып, ауылшаруашылығын одан әрі дамытуға мумкіндік туады.
«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Махамбет ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.