Атырау облысының Махамбет ауданында шаруа қожалықтарының өкілдерімен үгіт-насихат кездесуі өтті

Атырау облысының Махамбет ауданында шаруа қожалықтарының өкілдерімен үгіт-насихат кездесуі өтті

Атырау облысының Махамбет ауданында шаруа қожалықтарының өкілдерімен үгіт-насихат кездесуі өтті
ашық дереккөзі
Үгіт насихат жұмыстары аясында Аудандық маслихат депутаттығына кандидат Қонашев Аманкелді  Алға ауылы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген кәсіп иелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап патрияға дауыс беруге шақырды. Махамбет ауданы ауылшаруашылығына бейім аудан болғандықтан сайлауалды бағдарламасында келесі мәселелер алдағы 5 жылдықта орындалатынын жеткізді.
  • Атап айтсақ Аудан көлемінде мүйізді ірі қара мал басының санының өсімін 3 пайыздан 7,1 пайызға арттыруға;
  • Сыбаға» бағдарламасы бойынша асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының үлесін 519 басқа арттыруға;
  • 2021 жылы Есбол ауылдық округінде «Мәди» шаруа қожалығына 330 бас ұсақ мал сатып алуға;
  • 2021 жылы Махамбет ауылында «Жайық Агро» шаруа қожалығына 2000 бас ұсақ мал сатып алуға;
  • 2022 жылы Ақжайық ауылында «Н.Жұмағалиева» шаруа қожалығының мал басын 25 пайызға арттыруға;
  • 2024 жылы «Meken Chiken» ЖШС-нің ет бағытындағы құс фабрикасының қуатын арттыруға;
  • 2021 жылы Бейбарыс ауылында жеке кәсіпкер Р.Темирғалиевтің 1 000 бас мүйізді ірі қара малдың бордақылау алаңының құрылысын салуға;
  • Асыл тұқымды шаруашылық санын 3 шаруашылықта 4 шаруашылыққа дейін арттыруға (2023 жылы – Бақсай а/о 1 шаруа қожалық ЖК Сарсенов Н.);
  • Мал шаруашылығы үшін мал азығы дайындалатын алқапты 2 370 га-дан 2 460 га дейін ұлғайтуға;
  • 94 ауылшаруашылығы техникасын сатып алуға;
  • 2021-2025 жылдары «Есбол-Қазыбай» каналын күрделі жөндеуге ықпал ету;
  • Суару-суландыру каналдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 151,8 млн.теңгеге техника сатып алуға ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылы ұйымдастырылған шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара малдың үлесі 50,4 пайызға, ұсақ қара мал басының үлесі 44,4 пайызға жетеді. Каналдарды жөндеу арқылы жайылымдық, шабындық, егістік жерлер айналымға қосылып, ауылшаруашылығын одан әрі дамытуға мумкіндік туады.
«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Махамбет ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.