«Менің Отаным – Қазақстан». Бақтияр Зайнутдинов өзін өзбек деп атаған командаласына жауап берді (видео)

«Менің Отаным – Қазақстан». Бақтияр Зайнутдинов өзін өзбек деп атаған командаласына жауап берді (видео)

«Менің Отаным – Қазақстан». Бақтияр Зайнутдинов өзін өзбек деп атаған командаласына жауап берді (видео)
ашық дереккөзі
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, бүгінде мәскеулік ЦСКА клубында өнер көрсететін Бақтияр Зайнутдинов командаласы Ильзат Ахметовпен сөзге келіп қалды. ЦСКА клубының Youtube плафтормасындағы жеке парақшасына жүктелген кезекті шығарылымында футболшылардың Ростов-на-Дону қаласында «Ростов» командасына қарсы өтетін кездесуге дайындық барысы көрсетілген, сонымен қатар онда футболшылар еңбек демалысына қатысты жоспарларымен бөліседі. Ұшақ ішінде Бақтияр командаласы Ильзат Ахметовпен сөзге келіп қалады. [video width="640" height="336" mp4="https://turkystan.kz/uploads/resized-images/2020/12/whatsapp-video-2020-12-20-at-17.16.07.mp4"][/video] Ильзат – Қырғыз Республикасының тумасы, ұлты – ұйғыр. ЦСКА клубынан бөлек, Ресей ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетеді. Ильзатпен қалжыңдасып отырған Бақтияр әңгіме барысында қазақтар мен ұйғырлар арасындағы байланыс жақсарып келе жатқанын айтады. Ахметов оған «Кім дейсің? Қазақтар? Өзбектер мен ұйғырлар ғой, иә...», – дейді. Бақтияр бұған жауап ретінде «Менің Отаным – Қазақстан, мен оған мұны осымен үшінші рет айтып отырмын»,– деп айтады. Сонымен қатар аталған шығарылымда Бақтияр қысқа мерзімді еңбек демалысын туған жері Таразда өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.