Жаңалықтар

ADAL партиясы проблемалық несиелер мәселесін шешуге күш салмақ

ашық дереккөзі

ADAL партиясы проблемалық несиелер мәселесін шешуге күш салмақ

ADAL партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар және партия өкілдері өңір тұрғындарымен кездесіп, шағымын тыңдады.  Бүгін кандидаттар Олжас Ордабаев, Ақмарал Бекмұрзаева және партия хатшысы Нұрлыбек Мұқанов Қостанай облысының Затобол ауданы Тобыл және Рудный қаласының тұрғындарымен кездесті. Ақмарал Бекмурзаева партияның бағдарламалық басымдықтары, партия сервистерінің жұмысы туралы айтып берді. Қала тұрғындары тауарлардың бағасы өскенін және жалақының төмен екенін айтып шағымданды. Олжас Ордабаев партия бағдарламасында оқытушыларға, дәрігерлерге және бюджет саласының басқа да қызметкерлеріне орташа жалақыны 200 мың теңгеге дейін арттыру мәселесі бірінші орынға қойылғанын атап өтті. Тобыл қаласының кәсіпкері басқа мәселені көтерді: «Мемлекет бірінші кезекте ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдаса екен деймін. Олар үшін неғұрлым жеңілдетілген шарттар бойынша субсидиялар қажет».