ҚХП елордалықтарды жол қауіпсіздігін күшейтуге үндеді

ҚХП елордалықтарды жол қауіпсіздігін күшейтуге үндеді

ҚХП елордалықтарды жол қауіпсіздігін күшейтуге үндеді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын қолдау мақсатында Орталық мәдениет және демалыс саябағынан Тұран даңғылына қарай автошеру өтті. Шара мас күйінде көлік рөліне отыратындарға ой салу мақсатында ұйымдастырылды. Осылайша, партия өкілдері қоғамдағы мас күйде көлік жүргізу проблемасына назар аударуға тырысты.
Автошеру барысында автокөліктерге ҚХП символикасы мен тулары ілінді. Сайлауалды штабтың үгіт-насихат тобымен бірге Полиция департаменті мен қаланың автоклубтары да қатысты. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Жамбыл Ахметбеков шеру алдында сөз сөйледі. – Біз бүгінгі автошеру арқылы жол қауіпсіздігі мәселесіне назар аударғымыз келді. Әсіресе, ел азаматтарының, оның ішінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беру керек. Қазақстандықтар қауіпсіз елде өмір сүруі керек. Бұл елдің сот жүйесі бейтарап болуы керек. Мцәселе қалтаның қалыңдығымен емес, заңды түрде шешілуі керек. Бәрінің құқығы тең болуы керек. Мейлі ол саясаткер, шенеунік, бизнесмен болсын, бәрібір. Егер ол ереже бұзып, жол-көлік оқиғасына себепкер болса, заң алдында жауап беруі керек. Көлік жүргізушілері өздерінің ғана емес, өзгелердің де қауіпсіздігіне жауапты екенін естен шығармауы тиіс, - деді Жамбыл Ахметбеков. Сайлаушылар алдында сөз сөйлеген Жамбыл Ахметбеков ҚХП-ның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Сондай-ақ партияның негізгі бастамалары мен мақсат-міндеттері туралы ақпарат берді. – Мемлекет ең алдымен өз азаматтарына қамқорлық жасауға тиіс. Сондықтан ел дамуының векторы әлеуметтік дамуға, әділдікке, қарапайым қазақстандықтардың мүдделері мен құқықтарын шынайы қорғауға бағытталуға тиіс. Экономика халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуі керек. Мемлекеттік шешімдердің ашықтығын және олардың орындалуын бақылау қажет, – деді үміткер. Шара барысында ҚХП-ның үгіт-насихат материалдары таратылды. Автошеру сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында ұйымдастырылды.