Mechta мемлекетті менсінбей ме?
Mechta мемлекетті менсінбей ме?
Túrkistan халықаралық газетінің редакциясы атынан елімізде тұрмыстық техника сататын сауда желісі «Мечта Маркет» ЖШС-не хат жолдағанбыз. Таяуда сол хатымызға жауап алдық. Едел-жедел жауап бергеніне рахмет, дегенмен, мемлекеттік тілге қатысты сауалымызға толымды, тұщымды жауап болмады, өкінішке қарай.
Мынадай сауал қойған едік:
«Компания сайтындағы ақпараттар тек орыс тілінде жазылған екен. Ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілінде (қазақ тілінде) ешқандай ақпарат таппадық. «Мечта Маркет» ЖШС Қазақстан аумағында жұмыс істей отырып, оның Мемлекеттік тілін менсінбегені ме, мойындамағаны ма? Қазақ тілді, Қазақстан азаматтарының, өздеріңіздің клиенттеріңіздің заңды құқығын аяққа таптап жатырмыз деп ойламайсыздар ма?»
Мынадай жауап алдық:
«Қазіргі таңда компания сайтта екі тілде ақпарат орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, оның ішінде қазақ тіліндегі ақпаратты жаңа латын әліпбиімен жазу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Қажет болған жағдайда тауар туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде беруге дайынбыз».
А.Х.Джабраилов, Бөлшек сауда жөніндегі директор.