Халықаралық сурет байқауының қорытындысы жарияланды

20 желтоқсан, 2020 / Бақытбек ҚАДЫР
ашық дереккөзі
Қазақстан Тәуелсіздік мерекесіне орай, ұйымдастырылған «Қазақстан – әлем балаларының көзімен» атты халықаралық сурет байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды «Отандастар Қоры» КеАҚ баспасөз қызметі.

Байқау Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Мұғалім-суретшілердің Халықаралық Одағы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының қолдауымен «Отандастар қоры» КеАҚ ұйымдастырды. Онлайн форматта өткен марапаттау рәсіміне «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының орталық аппаратының кеңесшісі Қарлығаш Хожамұрат, Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының (Нұр-Сұлтан) директоры Гүлзия Исенова, Мұғалім-суретшілер Одағының атқарушы директоры Әлия Өтепова, Монументалист-суретші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Аманат Назарқұлов қатысты. Ауқымды байқауға алыс-жақын 15 шет елдегі этникалық қазақтар, атажұртқа оралған қандастар және өзге ұлт өкілдерінің мектеп оқушылары,  жиыны 259 үміткер қатысты. Атап айтқанда Өзбекстан, Иран, Ресей, Беларусь, Норвегия, Испания, Ұлыбритания, Грузия, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Украина, Қытай, Португалия, Канада және өз елімізден де атсалысты. Барлық қабылданған туындылар қазылар алқасы бағалап, байқаудың жүлделі орындарын белгіледі. Байқауға шығармаларын жолдаған оқушыларға қатысқаны үшін марапат және барлық жеңімпаздарға диплом, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің маусымдық лагеріне тегін жолдама және 10 жеңімпазға мастер-класқа қатысу үшін сертификаттар табысталды. Жеңімпаздардың туындылары жас ерекшеліктеріне сай 2 топ бойынша тағайындалды:

I-ТОП (7-12 жас)

Гран-при: Сетжан Ортиков 12 жас Өзбектан, Науайы уәлияты, Кенимех ауданы - сурет атауы «Асығың алшы түссін, Қазақстан!» (Мемлекеттік жастар «Дарын» сыйлығының иегері, суретші Әбіш Жаннеттің төл туындысы - сурет жиынтығы сыйға беріледі) 1-орын:

(«Ою өрнек әлемі» кітабы, сурет жиынтығы табысталады) 2-орын:

(«Әлемді аялаған сөз» кітабы, сурет жиынтығы табысталады)  3-орын:

    («Еркетай» кітабы, сурет жиынтығы табысталады)

II-ТОП (13-18 жас)

Гран-при: Қасиет Шандарль 14 жас Ұлыбритания, Лондон қаласы – сурет атауы «Алматы қаласы».  («Қазақ халқының салт-дәстүрі» кітабы табысталады) 1-орын:

( «Ою-өрнек әлемі» кітабы, холст табысталады) 2-орын:

(«Әлемді аялаған сөз» кітабы табысталады)  3-орын:

( «Еркетай» кітабы табысталады) «Ең кішкентай суретші» - номинациясы бойынша

( «Еркетай» кітабы табы табысталады) «Ең ерекше сурет» - номинациясы бойынша

( «Еркетай» кітабы табы табысталады) «Кәсіби деңгейдегі сурет» - номинациясы бойынша

(«Әлемді аялаған сөз» кітабы табысталады) «Қазылар алқасы» - номинациясы бойынша

(«Әлемді аялаған сөз» кітабы табысталады)

Тэгтер:

Жаңалықтар