Халықаралық сурет байқауының қорытындысы жарияланды

Қазақстан Тәуелсіздік мерекесіне орай, ұйымдастырылған «Қазақстан – әлем балаларының көзімен» атты халықаралық сурет байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды «Отандастар Қоры» КеАҚ баспасөз қызметі.

Байқау Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Мұғалім-суретшілердің Халықаралық Одағы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының қолдауымен «Отандастар қоры» КеАҚ ұйымдастырды.

Онлайн форматта өткен марапаттау рәсіміне «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының орталық аппаратының кеңесшісі Қарлығаш Хожамұрат, Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының (Нұр-Сұлтан) директоры Гүлзия Исенова, Мұғалім-суретшілер Одағының атқарушы директоры Әлия Өтепова, Монументалист-суретші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Аманат Назарқұлов қатысты.

Ауқымды байқауға алыс-жақын 15 шет елдегі этникалық қазақтар, атажұртқа оралған қандастар және өзге ұлт өкілдерінің мектеп оқушылары,  жиыны 259 үміткер қатысты. Атап айтқанда Өзбекстан, Иран, Ресей, Беларусь, Норвегия, Испания, Ұлыбритания, Грузия, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Украина, Қытай, Португалия, Канада және өз елімізден де атсалысты.

Барлық қабылданған туындылар қазылар алқасы бағалап, байқаудың жүлделі орындарын белгіледі.

Байқауға шығармаларын жолдаған оқушыларға қатысқаны үшін марапат және барлық жеңімпаздарға диплом, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің маусымдық лагеріне тегін жолдама және 10 жеңімпазға мастер-класқа қатысу үшін сертификаттар табысталды.

Жеңімпаздардың туындылары жас ерекшеліктеріне сай 2 топ бойынша тағайындалды:

I-ТОП (7-12 жас)

Гран-при: Сетжан Ортиков 12 жас Өзбектан, Науайы уәлияты, Кенимех ауданы – сурет атауы «Асығың алшы түссін, Қазақстан!»

(Мемлекеттік жастар «Дарын» сыйлығының иегері, суретші Әбіш Жаннеттің төл туындысы – сурет жиынтығы сыйға беріледі)

1-орын:

  • Нұрралиф Сұлтанов 11 жас Алтай Республикасы, Қос-Ағаш ауылы;
  • Жәнібек Советов 10 жас Украина, Харьков қаласы;
  • Диана Хамзина 11 жас Ресей Федерациясы, Свердлов облысы, Белоярск ауданы, Косулино ауылы.

(«Ою өрнек әлемі» кітабы, сурет жиынтығы табысталады)

2-орын:

  • Ясар Жапаров 7-12 жас аралығы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы;
  • Стоматова София 10 жас Ұлыбритания, Лондон қаласы;
  • Лейла Хайдарқызы 10 жас Нұр-Сұлтан қаласы – сурет атауы «Айлы жарқын аспан».

(«Әлемді аялаған сөз» кітабы, сурет жиынтығы табысталады)

 3-орын:

  • Карина Симбаева 11 жас Ресей Федерациясы, Самара қаласы – сурет атауы «Казакская космодружба»;
  • Анель Жасұланова 12 жас Қостанай қаласы – сурет атауы «Любимый праздник Наурыз»;
  • Нұрасыл Сырғатай 12 жас Португалия, Лиссабон қаласы – сурет атауы «Ер баланы атқа мінгізу салт-дәстүрі»

    («Еркетай» кітабы, сурет жиынтығы табысталады)

II-ТОП (13-18 жас)

Гран-при: Қасиет Шандарль 14 жас Ұлыбритания, Лондон қаласы – сурет атауы «Алматы қаласы».

 («Қазақ халқының салт-дәстүрі» кітабы табысталады)

1-орын:

  • Ақжол Бектасұлы 15 жас Нұр-Сұлтан қаласы, Шортанды ауданы;
  • Жания Малшыбаева 13 жас Қырғыз Республикасы – сурет атауы «Қазақстан жүрегі – Бәйтерек».
  • Данай-Бату Құрбанқұлов 16 жас Өзбекстан – сурет атауы «Алтыбақан»

( «Ою-өрнек әлемі» кітабы, холст табысталады)

2-орын:

  • Арызу Қазақ Хәмид 18 жас Иран, Горган қаласы – сурет атауы «Дәстүрлі әдет-ғұрыптар»
  • Айғаным Бегімбекова 14 жас Украина, Киев қаласы;
  • Қымбат Ақылбекова 15 жас Өзбекстан, Науайы облысы, Зарафшан қаласы – сурет атауы «Қазақстанның салт-дәстүрі».

(«Әлемді аялаған сөз» кітабы табысталады)

 3-орын:

  • Сабина Жакеева 12 жас Өзбекстан;
  • Ескелді Кимия 15 жас Иран, Горган қаласы – сурет атауы «Қазақтардың дәстүрлі өмірі»;
  • Әмина Шаймерденова 14 жас Ресей Федерациясы, Түмен қаласы.

( «Еркетай» кітабы табысталады)

«Ең кішкентай суретші» – номинациясы бойынша

  • Алина Хадыс 6 жас Нұр-Сұлтан қаласы;
  • Ільяс Хаслум 6 жас Норвегия, Осло қаласы.

( «Еркетай» кітабы табы табысталады)

«Ең ерекше сурет» – номинациясы бойынша

  • Хаят Жаңбырғалиева 9 жас Нұр-Сұлтан қаласы;
  • Илона Ипатова 10 жас Грузия;
  • Милана Пономаренко 15 жас Испания, Мадрид қаласы;
  • Таснин Жамболатова 15 жас Канада азаматы, Қазақстанда тұрады;
  • Айнар Қасен 16 жас Қытай, Шәуешек қаласы;
  • Қазақ Айназ 17 жас Иран Горган қаласы – сурет атауы «Қазақстанның болашағы».

( «Еркетай» кітабы табы табысталады)

«Кәсіби деңгейдегі сурет» – номинациясы бойынша

  • Камила Филипенко 12 жас Белорусь, Минск қаласы;
  • Аружан Амангелді 15 жас Атырау қаласы;
  • Аяулым Абдыбекова 9 жас Қырғыз Республикасы;
  • Мейіржан Айтуаров 15 жас Өзбекстан;
  • Карина Жұмабекова 14 жас Ресей Федерациясы, Соль-Илецк қаласы;
  • Ашабақ Армита 17 жас Иран Горган.

(«Әлемді аялаған сөз» кітабы табысталады)

«Қазылар алқасы» – номинациясы бойынша

  • Бекзат Жұмабекова 15 жас Өзбекстан;
  • Рамазан Жандаев  15 жас Ресей Федерациясы, Омбы облысы, Есілкөл ауданы, Қасқат ауылы;
  • Камила Ишмухаметова 15 жас Қостанай қаласы;
  • Жаная Қапол 7 жас Нұр-Сұлтан қаласы;
  • Қайралы Қарақұлов 9 жас Нұр-Сұлтан қаласындағы қолдау орталығында (Өзбекстаннан);
  • Аруана Алмас 12 жас ҚР Нұр-Сұлтан қаласы;
  • Бауржан Булекбаев 10 жас Қырғыз Республикасы.

(«Әлемді аялаған сөз» кітабы табысталады)

13f98cb9 79b6 431c 9d68 b9d67c1b3607

ce173dec 0201 4abe 8b03 96dfae69b602

84aae801 a527 42e2 9107 054139dd246f

Back to top button