Apple, Google, Microsoft және Mozilla Қазақстанның қауіпсіздік сертификатын бұғаттады

Apple, Google, Microsoft және Mozilla Қазақстан билігі орнатуды талап етіп отырған «қауіпсіздік сертификатын» бұғаттау үшін бірікті, деп хабарлайды Tech Spot.

ZDNet-тің айтуынша, сертификатты орнатудың киберқауіпсіздікке ешқандай қатысы жоқ.

«Сертификаттар кибершабуылдың алдын ала алмайды және әдетте трафикті үшінші тарап бақылаушыларынан шифрлау және қорғау үшін қолданылады», – делінген хабарламада.

Барлық негізгі браузерлер пайдаланушы деректерін қорғау үшін сертификатты бұғаттады.

Back to top button