Қазақстандықтар қаңтар айында 13 күн демалады

Қазақстандықтар қаңтар айында 13 күн демалады

Қазақстандықтар қаңтар айында 13 күн демалады
ашық дереккөзі
Қазақстандықтар 2021 жылдың қаңтар айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде 13 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жаңа жыл мерекесі 1 және 2 қаңтарға cәйкес келеді. Яғни, осы екі күн барлық қазақстандықтан үшін демалыс. Әйтсе де 2 қаңтар сенбіге келетіндіктен, демалыс 4 қаңтарға дейін ұзарғалы тұр. Яғни 2021 жылдың 1-4 қаңтары аралығы демалыс. 7 қаңтар Рождество мерекесіне сай келгендіктен қазақстандықтар ол күні де демалады. Осылайша 2021 жылдың алғашқы жетісі демалысқа толы апта болғалы тұр.