«Эфес» Қазақстандағы қызметінің 19 жылдық мерейтойын атап өтуде
«Эфес» Қазақстандағы қызметінің 19 жылдық мерейтойын атап өтуде
2016 жылы «Эфес Қазақстан» компаниясы Қазақстан нарығындағы қызметінің 19 жылдық мерейтойын атап өтуде. 1958 жылдан бері Қазақстандағы сыра қайнататын жетекші орталықтардың бірі саналғып келген Қарағандыдағы «Колос» сыра қайнату зауытының базасында 1997 жылы «Эфес Қарағанды сыра қайнату зауыты» компаниясы құрылды.
Қарағанды зауыты «Эфес» компаниясының Түркиядан тысқары аумақта инвестиция құйған бірінші нысаны болғандықтан, бүкіл «Эфес» холдингі үшін зауыт ерекше маңызға ие. Сол себепті зауыт бүкіл холдингтің даму тарихындағы елеулі кезең, Қазақстан мен Түркияның іскерлік топтарының табысты ынтымақтастығының үлгісі және де шетелдік инвесторлардың Қазақстан экономикасына деген қызығушылығы жоғары екендігінің дәлелі болып табылады.
19 жыл ішінде орасан зор жұмыс атқарылды. Отандық шикізаттан ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін әлемдік сападағы табиғи салқын сыра шығарылуда. Өндіріс ауқымы кеңейтіліп, жаңғыртылды, заманауи технологиялық желілер ендіріліп, қызметкерлер тұрақты түрде оқудан өтіп, біліктілігін көтеруде, белсенді түрде маркетингтік қызмет жүргізіліп, сыраның жаңа түрлері өндірілуде. 1997 жылы Қарағанды зауыты жылына 0,23 млн. гектолитр сыра өндірген болса, қазір оның қуаттылығы жылына 1,2 млн. гектолитрге дейін жетеді.
Зауыт өнімі халықаралық көрмелер мен байқауларда әрдайым марапатталып отырады. Мәселен, 2004 жылы «Карагандинское светлое» және «Карагандинское крепкое» сырасы Сочидегі Халықаралық жәрмеңке-көрмеде алтын медальмен марапатталды, 2006 жылы «Карагандинское крепкое» сырасы Санкт-Петербургтегі «Сыра және сусындар индустриясы» ХIII Халықаралық мамандандырылған көрмесінде алтын медальді жеңіп алды, 2010 жылы Брюссельде «Кружка свежего» және «Кружка свежего мягкое» сәйкесінше күміс және алтын медальдерді иеленді. Бүгінгі күні зауытта 268 адам еңбек етуде, кәсіпорын облыстағы ең ірі салық төлеуші саналады, сондай-ақ, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласында бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Қарағандыда компания «ЭкоЭфес» қоқысты бөлек жинауға және Ленин көшесіндегі скверді абаттандыруға арналған екі әлеуметтік жобаға қолдау көрсетіп, оларды қала әкімдігімен бірге жүзеге асырып жатыр.
Мерекеге орай концерт ұйымдастырылып, қонақтар сырамен бірге дастарқанға қойылатын жаңа тағам түрлерінен дәм татып көреді. Сондай-ақ, іс-шара аясында танымал «Карагандинское» сырасы қаптамасының жаңа дизайны және өзгертілген логотипі таныстырылатын болады.