Елбасы: "Әлі талай сүйсінетін боламыз"

Елбасы: "Әлі талай сүйсінетін боламыз"

Елбасы: "Әлі талай сүйсінетін боламыз"
ашық дереккөзі
Қазақстан Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалуымен құттықтады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты
Елбасы Геннадий Головкинді Камил Шереметамен жекпе-жекте айқын жеңіске жеткенін айтты.
"Осы жеңіс арқылы сен өз дивизионыңда 21-ші рет әлем чемпионы атанып, қазақстандық және әлемдік бокс тарихы жылнамасының жаңа парағын аштың. Бұл барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік күніне орай тамаша сый болды деп ойлаймын", - деп жазылған жеделхатта.
Назарбаев Головкиннің спорттағы жарқын жетістіктерін, мықты рухын және жеңіске деген жігерін қазақстандықтар мақтан ететінін жеткізді. "Сенің жеңімпаз ретінде өз жолыңды жалғастыратыныңа сенімдімін және сенің жетістіктеріңе әлі талай сүйсінетін боламыз",  – деді Назарбаев.