Ақтоты Райымқұлова Қазақ ұлттық өнер академиясының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады

Бүгін Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік наградаларын тапсыру салтанаты өтті.

Шарада Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова Президент жарлығы бойынша мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар мәдениет саласы қызметкерлеріне тиісті марапаттарын табыстады.

Мемлекеттік наградалар төмендегідей ретпен табысталды:

«Парасат» орденімен:

«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» Республикалық Мемлекеттік мекемесінің профессоры Г.Ә.Молдакаримова;

«Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК антропологы О.Смағұлұлы;

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен:

«Н.Сац атындағы Мемлекеттік Орыс академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК артисі Т.Н.Тарская;

«Құрмет» орденімен:

«Т.Қ. Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясы» РММ проректоры Ш.А.Әмірбеков;

«Н.Сац атындағы Мемлекеттік Орыс академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК әртісі В.В.Крылов;

«М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК әртісі Ш.М.Мендиярова;

«Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» РМҚК әртісі, Алматы қаласы Қ.Ж.Өмірбеков;

Актер Ә.С.Райымбеков;

Алматы қаласы әкімі концерттік оркестрінің бас дирижері М.Б.Серкебаев;

«О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» РМҚК директоры С.Шалабаев;

«Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» РМҚК директоры Г.К.Шалабаева;

«Ерлігі үшін» медалімен:

«Esentai fit+ spa» фитнес клубының жаттықтырушысы Д.А.Рымқұлов;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

«Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрінің әртісі С.С.Бөленова;

«Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК симфониялық оркестрінің әртісі А.В.Виноградов;

«Н.Сац атындағы Мемлекеттік Орыс академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК директоры О.М.Гостев;

«Орталық мемлекеттік архив» РММ директорының орынбасары М.Ғ.Жылысбаева;

«О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» РМҚК оқытушысы А.Ә.Молдағалиева;

«Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» РМҚК әртісі Г.Ә.Түлкібаева;

«Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК археологы М.Қ.Тұяқбаев;

«Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» РММ дирижерлеу бөлімінің педагогы Я.Н.Хан;

«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қоюшы-режиссері Ө.Т.Шманов;

«Шапағат» медалімен:

«Дервиши» тобының солисі Д.Н.Бахаров;

«Н.Сац атындағы Мемлекеттік Орыс академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК әртісі А.С.Красников;

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының хореографы П.А.Омарбекова;

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен

«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ профессоры Е.Н.Басықара;

«Н.Сац атындағы Мемлекеттік Орыс академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК әртісі И.В.Ермашов;

Өнертанушы К.В.Ли;

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі» РМҚК балет әртісі Д.В.Витченко;

«Т.Қ. Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясы» РММ доценті И.Г.Кайсиди;

«Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» РМҚК әртісі Р.Т.Мамытов;

«Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» РМҚК дирижері А.Ж.Тілепбергенов марапатталды.

Сондай-ақ, мәдениет саласын жетілдіруге белсене қатысқаны үшін  мына тұлғалар:

Композитор М.А.Байбосынов;

Нью-Йорк қаласында «Қазақ бағдарламасы» продюсер-жүргізушісі Кожан Данияр;

Сахна  тілі кафедрасының доценті А.А.Наремгенова;

Көркемсурет  кафедрасының доценті Е.Б.Кайранов;

Экрандық  өнер режиссурасы кафедрасының аға оқытушысы М.К.Беккожин марапатталды.

Спортты  дамытудағы көп жылғы жемісті еңбегі мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін:

Сала  ардагері М.Ә.Артығалиев марапатталды.

Өнер саласындағы білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен мына тұлғалар:

Актер  шеберлігі және режиссура кафедрасының аға оқытушысы Т.Н.Кубеков;

Актер  шеберлігі және режиссура кафедрасының доценті М.А.Масалимова;

Сценография  кафедрасының аға оқытушысы   М.Т.Наймантаева;

Бейнелеу  өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының профессоры О.В.Батурина;

Кино  тарихы мен теориясы кафедрасының доценті Б.Б.Нөгербек марапатталды.

Back to top button