«Nur Otan»: ІТ саласында 170 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда

«Nur Otan»: ІТ саласында 170 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда

«Nur Otan»: ІТ саласында 170 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда
ашық дереккөзі
«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Алматыға келді. Билеуші партия өкілдері қоғам белсенділерімен, саясаттанушылармен, сарапшылармен, шағын және орта бизнес пен зиялы қауым өкілдерімен, сондай-ақ жас стартапшылармен, ІТ мамандармен, блогерлермен және вайнерлермен бірқатар кездесулер өткізді. Сонымен, Алматы қаласының сарапшылар қауымымен кездесуде азаматтар мен мемлекеттің арасындағы кері байланысты жолға қоюда азаматтық сектордың қатысуы мен рөлін одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. «Nur Otan» партиясы Елбасының 5 институционалды реформасы мен Президент ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында барлық жерде азаматтық бақылауды енгізуге, ең алдымен мұның бюджеттің жұмсалуы бойынша қолданылуына ықпал етеді. Біз қоғамдық сараптама мен онлайн-петицияға заңды мәртебе береміз, заңнамалық деңгейде ауыл әкімдерінің тікелей сайлануын енгізіп, барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруге міндеттілігін қамтамасыз етеміз», – деді Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек. Сонымен қатар, оның айтуынша, «Nur Otan» партиясы азаматтар сауалдарының бірыңғай электронды жүйесін жасауды, барлық өңірде халық қатысатын бюджетті ендіруді, квази мемлекеттік секторда қоғамдық кеңестердің құрылуын қамтамасыз етуді және тағы басқаларды жоспарлап отыр. Мемлекеттік органдардың тиімділігі мен есеп берушілігін арттыру үшін «Nur Otan» партиясы шенеуніктердің жалақысын азаматтардың әл-ауқатымен байланыстыра қарауды ұсынады. Бұл орайда өңірлердің жергілікті мәселелерді шешуде дербестігі артатын болады. Таяу 5 жылдағы жұмыстың негізгі бағыттарының бірі шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау болмақ. «Nur Otan» партиясы салықтардың санын қысқартып, оларды есептеу тәртібін оңтайландыруға, әлеуметтік маңызды тауарларды өндірушілер үшін ҚҚС-ын төмендетуге, экономиканың нақты секторларын несиелендіруді кеңейту үшін жағдай жасауға қол жеткізеді. Салықтық міндеттемелердің орындалуына қашықтан мониторинг жасау енгізілмек. Бизнесті санкцияланбаған тексерулерден қорғау үшін бизнесті салықтық заң бұзушылықтары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шегін қайта қарау жоспарлануда. Сот пен прокурордың санкциясынсыз кәсіпкерлерге қатысты тергеу әрекеттеріне тыйым салынады. Азаматтардың денсаулығы мен экологияны қорғау талаптарына сай келмейтін барлық нормативтік-реттеу құжаттары алынып тасталады. «Nur Otan» партиясы жас стартапшыларды қолдау мақсатында деректерді өңдеу мен сақтау саласына инвестицияларды 6 есеге, яғни 500 млрд. теңгеге дейін арттыра отырып, 1000 жаңа ІТ-компания ашуды ынталандырады. Жұмыспен қамтудың жаңа нысандары – фриланс, қашықтан және ішінара жұмыспен қамтылу бойынша жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік кепілдікті заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету көзделеді. Жалпы, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ІТ саласында 170 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, бір апта ішінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды штаб мүшелері еліміз бойынша 7 мыңнан астам кездесу өткізіп, ол 650 мыңнан астам сайлаушыны қамтыды. «Есіктен есікке» акциясы барысында жасотандықтар 174 мыңнан астам пәтерді аралады.