Мүмкіндігі шектеулі 20 азаматқа электронды арба берілді

Мүмкіндігі шектеулі 20 азаматқа электронды арба берілді

Мүмкіндігі шектеулі 20 азаматқа электронды арба берілді
ашық дереккөзі
Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Мейрімді жүрекпен» акциясы аясында 20 мүмкіндігі шектеулі азамат  күн сәулесімен  жүретін электронды арбамен қамтамасыз етілді. Бұл игі іс – қала әкімдігі мен Халықаралық қазақ-түрік университетінің  өкілетті кеңесі арасында түзілген меморондум негізінде жүзеге асып отыр. Қайрымдылық шараға қала әкімінің орынбасары Рашид Мыңбай, ХҚТУ-нің вице-президенті Мұстафа Нурсай, Түркия Республикасы ТИКА ұйым өкілі Сатылмыш Невзатулла, қалалық мәслихат  хатшысы Т. Балабиев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы және «АСАР» облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестік мүшелері қатысты. Аталған электронды арба қолмен емес, күн сәулесімен  жүргізіледі. Күн сәулесімен жүретін бұл құрылғы 30 шақырым жерге дейін жүруге мүмкіндік береді. Бір электронды арбаның құны 800 АҚШ долларын құрайды.