Бішкектегі жарылыстан жеті адам зардап шеккен…

Жарылыс «Таргет» қару-жарақ дүкенінде шыққан өрттің себебінен болған. Өрт салдарынан қаладағы Ахунбаев пен Набережная көшелерінің қиылысында жылыту қазандығы жарылып, бір адам қаза тапқан. Ол – 57 жастағы «Таргет» дүкенінің сатушысы екен.

«Кабар» агенттігі таратқан ақпараттан белгілі болғандай, түнде болған жарылыстан бес бала мен екі ересек адам зардап шеккен. Қалалық клиникалық ауруханасында жатқан төрт баланың жағдайы қанағаттанарлық. Сондай-ақ, тағы бір бала, ер адам және бір әйел № 4 қалалық ауруханасына жатқызылған. Әйел жансақтау бөлімінде, бала мен ер адам аурухананың күйік бөліміне жатқызылған. Ер адамда күйік, сыну және жабық ми жарақаты бар. Балада аралас жарақат: бірінші және екінші дәрежелі күйіктер бар көрінеді.

Back to top button