Головкиннің келесі қарсыласы кім?..

БҮГІН польшалық Камил Шереметаны техникалық нокаутпен жеңіп, кәсіпқой бокста чемпиондық белбеуін 21 рет қорғап – рекорд жасаған,  орта салмақта IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні және шаршы алаңдағы келесі қарсыласының есімі белгілі болды.

The Athletic спорттық веб сайтының хабарлауынша, 2021 жылдың көктемінде Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Хайме Мунгиямен (36-0, 29 КО) жекпе-жек өткізеді. Сондай-ақ, жерлесіміз тағы бір мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші рет рингте кездесуі де мүмкін.

Головкиннің Шереметамен жекпе-жегін көргендер қазақстандық боксшының бабында екенін көрді. Төрт раунда қарсыласын ұрып жыққан Головкиннің қимылы ширақ, соққылары тез әрі күшті болды.

Ал Хайме Мунгия 24 жастағы мексикалық кәсіпқой боксшы. WBO версиясы бойынша бірінші орта салмақтағы чемпион. Кәсіпқой бокста алғашқы жекпе-жегін 2013 жылдың 13 шілдесінде өткізсе, соңғысын биылғы жылдың 30 қазанында өткізген. Жеті жылдың ішінде шаршы алаңда 36 кездесу өткізіп, бәрінде айқын басымдық танытып, қарсыластарының 29-ын нокаутпен жеңген. Ендеше жеңілмеген жас перінің Головкинмен кездесуі шынымен қызық болғалы тұр.

Back to top button