«Nur Otan»: Түркістан облыстық штабының парақшасы ашылды

«Nur Otan»: Түркістан облыстық штабының парақшасы ашылды

«Nur Otan»: Түркістан облыстық штабының парақшасы ашылды
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы сайлауалды штабының «Facebook» әлеуметтік желісінде ресми парақшасы ашылды. Онда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және маслихаттары депутаттығына үміткер азаматтардың ел ішінде жүргізген сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары мен партия тарапынан өткізілген іс-шаралары тұрақты түрде жарияланып тұратын болады.
Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы тарапынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде 7 азамат, облыстық, қалалық және аудандық маслихаттарының депутаттығына 632 адам тіркелген. Оның 230-ы, яғни 36,6 пайызы әйелдер мен 29 жасқа толмаған жастар. Қазіргі таңда, барлық кандидаттар сайлау ережесіне сай, ел ішінде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен айналысып келеді. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы сайлауалды штабының ресми парақшасына келесі сілтеме арқылы өтуге болады: www.facebook.com/TurkistanoblystykSailaualdyshtaby/

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық Сайлау қорының қаражатынан төленді.