Головкин: Келесі жолы керемет айқас болады

Головкин: Келесі жолы керемет айқас болады

Головкин: Келесі жолы керемет айқас болады
ашық дереккөзі
IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулының иегері Геннадий Головкин жанкүйерлер оның келесі жекпе-жегінен көңілі қалмайтынын мәлімдеді. Бүгін таңертең GGG 14 айдан соң алғаш рет рингке оралып, поляк Камил Шереметаны жеңді. Осылайша өз дивизионындағы чемпиондық титулдарды рекордтық 21-ші рет қорғады. Қазақстандық промоутер Эдди Хирн ESPN-ге берген сұхбатында Головкиннің осы жекпе-жектен кейін өз мансабының болашағын өзі анықтайтынын атап өтті. Геннадийдің өзі де үлкен жаңалық болатынын айтты: «Маған сеніңіздер, келесі жолы біз ең керемет жекпе-жек өткіземіз», – деді ол.