Жаңалықтар

Президент Әуезов театрына «Ұлттық» мәртебесін берді

ашық дереккөзі

Президент Әуезов театрына «Ұлттық» мәртебесін берді

М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрына «Ұлттық» мәртебесі берілді, – деп хабарлайды Қазақпарат. «Сүйінші хабар! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жарлығымен Әуезов театрына «Ұлттық» мәртебесі берілді. Енді М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық академиялық драма театры атандық. Қазақ театрының қара шаңырағы – Әуезов театрының 95 жылдық тарихы бар. Театр өнерінің корифейлерінің ізі қалған өнер ұжымын бүгінгі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!», – делінген театрдың Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.