Абай шығармалары босния тіліне аударылып басылды

Абай шығармалары босния тіліне аударылып басылды

Абай шығармалары босния тіліне аударылып басылды
ашық дереккөзі
Босния және Герцеговинада өткен ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған іс-шара барысында Абайдың бюсті ашылды. ҚР СІМ хабарлауынша, белгілі босниялық мүсінші, Босния мен Герцеговина Жоғары қолданбалы өнер мектебінің профессоры Стиепо Гаврич жасаған ұлы Абайдың бюсті «Сараево ескі қаласы» тарихи ауданында орнатылды. Ескерткіш Меляцка өзенінің жағасында, сәулет өнерінің шедеврлерінің ортасында – 1891 жылғы мэрия, XVI ғасырдағы Хаджия мешіті, Ұлттық кітапхана және Босния астанасының басқа да көрікті жерлерінің қасында орналасқан. Сараеводағы мәдени акция аясында Абайдың таңдамалы шығармалар жинағы босния тіліне аударылып басылды.