Атырауда базар өртенді

Атырауда базар өртенді

Атырауда базар өртенді
ашық дереккөзі
Бүгін Атырауда базар өртеніп, ірі өрт оқиғасы орын алды. 19 желтоқсанда сағат 1.41-де «Дина» сауда базарында аумағы 3 420 шаршы шақырымды құраған өрт шығып, ғимарат зардап шекті. Оқиға орнында екіқабатты бутиктердің жанғаны белгілі болды. «Өрт 4.25-те сөндірілді. Зардап  шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Өртті сөндіруге барлығы 116 өрт сөндіру қызметкері, 52 әскери  қызметкер және 35 техника жұмылдырылды», – деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.