Дубайдан келген 3 жолаушыдан коронавирус анықталды

Дубайдан келген 3 жолаушыдан коронавирус анықталды

Дубайдан келген 3 жолаушыдан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
17 желтоқсанда Дубай-Нұр-Сұлтан рейсімен ПТР-анықтамасыз ұшып келген 3 қазақстандықтан COVID-19 анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2020 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Румыния, ҚХР, Грузия, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді. Барлығы 2 561 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 351 адам, анықтамасыз 210 қазақстандық келді. «Анықтамасыз қазақстандықтар келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді, олар карантиндік стационарларда нәтижелерін күтіп жатыр», –делінген хабарламада.