Головкин Шереметаны шаң қаптырды (видео)

Головкин Шереметаны шаң қаптырды (видео)

Головкин Шереметаны шаң қаптырды (видео)
ашық дереккөзі

Голливудта (Флорида, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өткен бокс кешінің басты қарсыластары отандасымыз Геннадий Головкин (40-1-1, 35 ко) мен поляк боксшысы Камил Шереметаның (21-0, 5 ко) арасындағы жекпе-жек өз мәресіне жетті. Аталған бокс кешінде Геннадий Головкин 7-раундта қарсыласы Камил Шереметаны техникалық нокаутпен жеңді. Бәсеке барысында Камил Шеремета 7 раунтта 5 нокдаун алды. Боксшы Геннадий Головкин кәсіби алаңдағы 43-жекпе-жегін өткізді. Карьерасында бір рет қана жеңілген спортшы орта салмақтағы IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулын қорғап қалды.