Головкин Шереметаны шаң қаптырды (видео)

Голливудта (Флорида, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өткен бокс кешінің басты қарсыластары отандасымыз Геннадий Головкин (40-1-1, 35 ко) мен поляк боксшысы Камил Шереметаның (21-0, 5 ко) арасындағы жекпе-жек өз мәресіне жетті.

Аталған бокс кешінде Геннадий Головкин 7-раундта қарсыласы Камил Шереметаны техникалық нокаутпен жеңді. Бәсеке барысында Камил Шеремета 7 раунтта 5 нокдаун алды.

Боксшы Геннадий Головкин кәсіби алаңдағы 43-жекпе-жегін өткізді. Карьерасында бір рет қана жеңілген спортшы орта салмақтағы IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулын қорғап қалды.

https://www.youtube.com/watch?v=kn4dT-yNcKQ&ab_channel=%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B%D1%80%D1%83%D1%85%D1%8B%2F%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D0%BA%2FAzattyqruhytv

 

 

Back to top button