Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов қарсыласынан жеңіліп қалды (видео)

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов қарсыласынан жеңіліп қалды (видео)

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов қарсыласынан жеңіліп қалды (видео)
ашық дереккөзі
Голливудта (Флорида, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтіп жатқан Головкин-Шеремета аясындағы шоуда жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Әли Ахмедов қарсыласынан жеңіліп қалды. Екінші орта салмақта IBO санаты бойынша әлем чемпионы белбеуі үшін эквадорлық Карлос Гонгораға қарсы кездесу өткізген Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) он екінші раундта нокдаунға түсіп қалып, нәтижесінде жекпе-жекті жалғастыра алмады. 25 жастағы қазақстандықтың қарсыласы 31 жастағы эквадорлық Карлос Гонгора осы уақытқа дейін 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жетіп, соның ішінде 13 қарсыласын нокаутпен жеңген. https://www.youtube.com/watch?v=SoLj6mfVNlY Естеріңізге сала кетейік, бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) поляк Камил Шереметаға (21-0, 5 KO) қарсы жұдырықтасады. Аталған кездесу Нұр-Cұлтан уақыты бойынша шамамен 07:00-де басталады.