Жириновский: Орыс жерінде өмір сүріп жатқандарың үшін Никоновтан кешірім сұратпақсыңдар ма?

Жириновский: Орыс жерінде өмір сүріп жатқандарың үшін Никоновтан кешірім сұратпақсыңдар ма?

Жириновский: Орыс жерінде өмір сүріп жатқандарың үшін Никоновтан кешірім сұратпақсыңдар ма?
ашық дереккөзі
Ресей думасының депутаты Владимир Жириновский Вячеслав Никоновтың Қазақстанның жері туралы айтқан пікірін дұрыс деп есептейтінін айтып, қолдау білдірген. "Ол бәрін дұрыс айтты. Никонов өте сауатты адам, оның атасы – Молотов Вячеслав Николаевич тірі болса, ол да мұны растайтын еді. Орал, Семей, Петропавл... Оларға Қазақстанның қатысы қанша?"- деді Жириновский. Оның айтуынша, қазақ тайпалары Орта Азия аумағында көшіп-қонып жүрген.
"Ол жерде барлығы араласып өмір сүргендіктен, қырғыздар қайда, қазақтар қайда, қарақалпақтар қайда, тұрандықтар-мұрандықтар қайда, белгісіз, шатасып жатқан. Шекаралары нақты белгіленген мемлекет, үкімет болған жоқ. Мұның бәрін Кеңес өкіметі жасанды түрде қолдан құрды, сондықтан олар Никоновты айыптауды жалғастырып отыр. Орыс жерінде өмір сүріп жатқандарың үшін, одан кешірім сұратпақсыңдар ма? Онда орыстар ол аймақтарға қалай келді, қайдан пайда болды, аспаннан түсті ме?"- дейді Жириновский.
Естеріңізге сала кетейік, 10 желтоқсанда Мемлекеттік Думаның депутаты Вячеслав Никонов мемлекеттік Ресей телеарнасының эфирінде Қазақстан территориясына қатысты даулы пікір айтқан еді.