Дамудың 7 бағыты

Партияның қалалық филиалында штаб мүшесі «Қамқор» балалар үйінің еңбек ұжымымен кездесті.

Қалада карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты кездесу онлайн режимде өтті. Кезекті үгіт-насихат  кездесуінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы талқыланды.

ДАМУДЫҢ  ЖЕТІ  БАҒЫТЫ:

Экономикалық тұрақты аймақ, қолайлы аймақ, әлеуметтік-бағдарланған аймақ, жастарға арналған аймақ, тарихы мен мәдениеті бай аймақ, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз аймақ.

«Nur Otan» партиясы қаланы дамытудың осы 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.

Білім берудің барлық деңгейінде сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету облысты одан әрі дамытудың маңызды шарты болып табылады.

COVID-19 пандемиясы білім беру тәсілін өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес аясында 2020-2021 оқу жылының 2 тоқсанында 760 мектептің 428 574 мың оқушысының 347 998 қашықтан оқытудың жаңа форматына көшті.

ТжКБ жүйесінің 416,8 мың оқушысы және 26,7 мың студенті қашықтан оқытудың жаңа форматына көшті.

Талдықорған

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы төмендегідей міндеттер қойып отыр:

  • 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуды қамтамасыз ету және 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуды 85%-ке дейін ұлғайту; 
  • жоғары және бірінші санаты бар педагог кадрлардың үлесін 43%-ке дейін арттыру, оның ішінде өңірге жаңа кадрларды тарту есебінен ұлғайту. 
  • үш ауысымды оқытуды жою үшін 24 680 орындық 40 жаңа мектеп салу
  • 39 бейімделген мектептің орнына 6260 орындық 49 жаңа мектеп салу
  • 101 білім беру объектілерін күрделі жөндеуден өткізу;

Нәтижесінде ҰБТ-да 100-ден астам балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі 24%-тен 35%-ке дейін артатын болады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
Конституциялық заңының 28-бабының 5-тармағына сәйкес
Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары сайлауында
«Nur Otan «партиясы» сайлау қорының қаражатынан
Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы төленді.
Тапсырыс беруші: Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары сайлауында
«Nur Otan» партиясы » ҚБ сайлау қоры атынан Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы.

Back to top button