Бұрын-соңды жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы америкалыққа төтеп бере алмады (видео)

Бұрын-соңды жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы америкалыққа төтеп бере алмады (видео)

Бұрын-соңды жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы америкалыққа төтеп бере алмады (видео)
ашық дереккөзі
Лос-Анджелесте қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) пен америкалық Чарльз Конуэлл (13-0, 10КО) арасындағы жекпе-жек өтті, деп жазды Prosports.kz. Бұл жекпе-жекке дейін қос боксшы да жеңілістің ащы дәмін татпаған еді. Мадияр Әшкеев алдыңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қарашасында өткізген. Ол кезде жерлесіміз бесінші раундта аргентиналық Родольфо Мартинесті (44-9-3, 16 КО) жеңген болатын. Америкалық Чарльз Конвэллге келетін болсақ, ол өзінің соңғы жекпе-жегін осы жылдың қазан айында өткізді. Тоғызыншы раундта жерлесі Уэнди Туссейнтті (12-1, 5 КО) нокаутқа жіберді. 23 жастағы америкалық боксшы ринг қожайыны ретінде алғашқы минуттардан үстемдік танытты. Мадиярдың өз мүмкіндігін көрсетуіне мүмкіндік бермеді. Чарльздың үздіксіз бағыттаған соққыларына жерлесіміз қарсылық таныта алмады. Жекпе-жек жоспарланған он раундқа созылмады. Тоғызыншы раундтан кейін Әшкеевтің бапкерлері айқасты жалғастырудан бас тартты. Тоғыз раунд бойы жекпе-жек Конуэллдың басымдығымен өтті. Осылайша, Әшкеев карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Чарльз Конуэлл он төртінші жеңісіне қол жеткізді. https://www.youtube.com/watch?v=2VhF_HF4ORA&feature=emb_logo&ab_channel=G%C3%B3cTh%E1%BB%A3X%C3%A2y