COVID-19: Джонс Хопкинс университеті алаңдатарлық статистика жариялады

COVID-19: Джонс Хопкинс университеті алаңдатарлық статистика жариялады

COVID-19: Джонс Хопкинс университеті алаңдатарлық статистика жариялады
ашық дереккөзі
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 75 миллионнан асты. Бұл туралы федералды және жергілікті билік органдарының, сондай-ақ БАҚ-тың және басқа да ашық ақпарат көздерінің мәліметтерін жинақтайтын Джонс Хопкинс университеті хабарлады.  Университет дерегінше, дүние жүзінде індетке шалдыққандардың жалпы саны 75 034 395-ке жетіп отыр. Ал вирус құрбандарының саны 1 663 740-қа жетті. Індет жұқтырғандар саны жөнінен әлемде көш бастап тұрған АҚШ-та пандемия басталғалы бері 17,2 млн адамнан коронавирус анықталған. Екінші орында - Үндістан. Онда 10 миллионға жуық адам қатерлі вирус жұқтырған. 7,1 млн тұрғыны індетке шалдыққан Бразилия үшінші орында. Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 690 адамнан коронавирус анықталып, республика бойынша індетке шалдыққандардың жалпы саны 145 213 адамға жетті.