Кептеліс 16,5 шақырымға созылған: Мыңға жуық көлік қар құрсауында қалды
Кептеліс 16,5 шақырымға созылған: Мыңға жуық көлік қар құрсауында қалды
Толассыз жауған қар салдарынан салдарынан Токиодан солтүстікке қарай тасжолда 1000-ға жуық көлік қар құрсауында қалған. Полиция көліктерді ашық жолдарға бағыттады, деп хабарлайды Kyodo News.
Канэцу автомагистралінің қатты зардап шеккен учаскелеріне қар тазартқыштар мен басқа да құралдар жұмылдырылды, ал құрлықтағы өзін-өзі қорғау күштерінің әскери қызметшілері зардап шеккен аудандардағы апаттарды жою жұмыстарын жалғастырды.
Қар құрсауында қалған көлік жүргізушілеріне азық-түлік, жанармай, көрпе және тасымалды дәретханалар таратылды.
Жапон метеорологиялық агенттігінің болжамынша, Жапон теңізінің жағалауындағы аудандарда қар әзірге толастамайды және тайғақ жолдар қозғалыстың одан әрі қиындауына әкелуі мүмкін.
Полиция мен жол операторының мәліметінше, бейсенбіде көлік кептелісі бір жерде 16,5 шақырымға дейін созылған.