Дзюдодан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Дзюдодан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Дзюдодан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды
ашық дереккөзі
Дзюдодан ел чемпионатының алғашқы жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.  Жарыстың алғашқы күнінде татамиге 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі әйелдер арасындағы спортшылар өзара мықтыны анықтады. Жарыс нәтижесінде финалдық белдесуде Ақмарал Науатбек  Ғалия Тынбаеваны ұтып, Қазақстан чемпионы атанды. Ал алматылық Ғалия Тынбаева күміс жүлдеге ие болды. Атырау облысының өкілі Абиба Абужақынова мен қарағандылық Маргарита Бажаева жарыстың қола жүлдесін қанағат тұтты. Айта кетерлігі, ел біріншілігі 21 желтоқсанға дейін жалғасады. Ақтауда өтіп жатқан ерлер мен әйелдер арасындағы ел біріншілігіне барлығы 273 дзюдошы қатысып жатыр.