Дзюдодан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Дзюдодан ел чемпионатының алғашқы жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жарыстың алғашқы күнінде татамиге 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі әйелдер арасындағы спортшылар өзара мықтыны анықтады.

Жарыс нәтижесінде финалдық белдесуде Ақмарал Науатбек  Ғалия Тынбаеваны ұтып, Қазақстан чемпионы атанды. Ал алматылық Ғалия Тынбаева күміс жүлдеге ие болды. Атырау облысының өкілі Абиба Абужақынова мен қарағандылық Маргарита Бажаева жарыстың қола жүлдесін қанағат тұтты.

Айта кетерлігі, ел біріншілігі 21 желтоқсанға дейін жалғасады. Ақтауда өтіп жатқан ерлер мен әйелдер арасындағы ел біріншілігіне барлығы 273 дзюдошы қатысып жатыр.

Back to top button