Жаңалықтар

Қырғызстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуде

ашық дереккөзі

Қырғызстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуде

Бүгін Қырғызстан астанасының бас алаңында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әскери парад өтті. Оған 1,5 мыңнан астам сарбаз қатысып, елдің әскери техникасы мен авиациясы көрсетілді. Әскери парад сонымен бірге Ош қаласында да өтті. Таңертеңнан бастап елдің барлық аймақтарында түрлі мерекелік шаралар өтіп жатыр. Бішкектің "Аккула" ипподромында ат жарысы өтеді. Кешкісін "Ала-Тоо" алаңында отандық шоу-бизнес жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Сонымен бірге астана тұрғындары отшашуды тамашалайды. Қырғызстан тәуелсіздігін 1991 жылы 31 тамызда жариялаған. Елді алғаш президент Асқар Ақаев басқарып, ол 15 жылдан соң - 2005 жылы төңкеріс нәтижесінде биліктен кетірілді. Сол жылы Қырғызстанның екінші президенті болып Құрманбек Бакиев сайланған. Ол да 2010 жылы халық толқуы мен төңкерістен биліктен тайдырылды. 2010 жылы 27 маусымда бүкілхалықтық референдумда уақытша үкіметті басқарып тұрған Роза Отунбаева келесі президент сайлауына дейін мемлекет басшысы болып сайланған. 2011 жылдан бері Қырғызстанды Алмазбек Атамбаев басқарады.