108 жасқа толған кейуана ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты

108 жасқа толған кейуана ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты

108 жасқа толған кейуана ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Алабама штатындағы Нью-Броктон қаласында тұратын кейуана 108-ші туған күнін атап өтіп, ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды The Southeast Sun.  Кэрри Ли Рейнольдс (Carrie Lee Reynolds) — АҚШ-тағы Азаматтық соғысы аяқталған соң және құлдар босатылғаннан кейін қалаға қоныс аударған алғашқы қара нәсілді отбасының ұрпағы. Одан бөлек ата-анасының тағы тоғыз перзенті болған. COVID-19 — кейуана бастан өткерген екінші пандемия. Алты жасында Рейнольдс ондаған миллион адамның өмірін қиған испан тұмауынан аман қалған. Кейуананың АҚШ-тың әр түкпірінде тұратын туыстары оған бейнеқоңырау шалып, мерейтойымен құттықтады. Ал Нью-Броктон қаласының мэрі ұзақ туған күн иесінің үйінің алдында шағын шеру ұйымдастырып, қаланың символикалық кілтін табыстады. Кэрри Ли Рейнольдс осы жасқа дейін өмір сүруінің құпиясын сұрағандарға Құдайға сену керегін айтты. Сондай-ақ, қария ұзақ ғүмыр кешу үшін көп жұмыс істеуге, мейірімді болуға және басқа адамдардың ісіне араласпауға кеңес берді.