FIFA жылдың ең үздік голын атады

FIFA жылдың ең үздік голын атады

FIFA жылдың ең үздік голын атады
ашық дереккөзі
Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) жылдың үздік голын соққан футболшыға табысталатын Пушкаш сыйлығының иегерін атады. Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды. Марапаттың лауреаты ‒ "Тоттенхэм" шабуылшысы Сон Хин Мин, оның 2019 жылдың желтоқсанында өткен "Бернлиге" қарсы ойында соққан голы жылдың үздік голы деп танылды. Бұл марапат үшін күресте корей шабуылшысы уругвайлық Луис Суарес пен Джорджиан де Арраскаэтаны басып озды.