Түркияның музыкалық ансамблі қазақстандықтарға ерекше тарту жасады (видео)

18 желтоқсан, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Түркияның музыкалық ансамблі қазақстандықтарға ерекше тарту жасады (видео) Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің Анкара Түркі әлемі музыкалық ансамблі бауырлас ел - Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай қазақ туындыларын орындады. Бұл жайлы видеоны Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Facebook-тегі өз парақшасында жариялады. Атап айтқанда, музыканттар сөзін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, әнін - Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан жазған «Елім менің» шығармасын орындады.