Шараны «Ақ жол» ҚДП Алматы филиалының Жастар кеңесі ұйымдастырды. Флешмобты ұйымдастыру кезінде барлық санитарлық және карантиндік нормалар сақталды. Қазақстандық жастарды қолдау – партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарының бірі. Партия тұғырнамасында: «Жастардың еркін таңдау жасауына мүмкіндігі болу керек. Қазақстанға бастамашыл, мықты және өзіне сенімді жастар қажет», – деп атап өтілген. Флешмобтың би ырғағы ешкімді бей-жай қалдырмады. Науқан «Мекенім Қазақстан» әнімен аяқталды. Жас «ақжолдықтар» еріктілермен бірге алматылықтарға үгіт-насихат материалдарын таратып, Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Жүктелуде...