СҚО-да құны 11 миллион тұратын шіркеу 34,5 мың теңгеге сатылды
СҚО-да құны 11 миллион тұратын шіркеу 34,5 мың теңгеге сатылды
1864 жылы салынған Жамбыл ауданы Новорыбинка ауылының орталығындағы шіркеу төртінші рет аукционға қойылды. Көптен бері пайдаланылмаған үй-жай 34,5 мың теңгеге сатылды, алайда оның бастапқы құны 11,3 миллион теңгеге бағаланған, – деп жазды Tengrinews.kz.
Шіркеу осы жылдың қазанында сатылымға қойылған. Алайда оны тәуелсіз бағалаушы анықтаған бағамен сатып алғысы келетіндер табылған жоқ. Сондықтан аукцион қайта тағайындалды, ең төменгі баға 1 теңгеге дейін төмендетілді. Аукционның басты мақсаты –ғимаратқа қарай алатын немес қалпына келтіре алатын қожайын табу болды.
Новорыбинка ауылы кіретін Кладбинка ауылдық округінің әкімі Николай Волковтың айтуынша, аукцион шіркеуді мемлекет балансынан шығарып, ескі ғимаратты қалпына келтіруге мүдделі ұйымдардың қолына тапсырудың жалғыз заңды тәсілі.