WhatsApp желісінде жаңа функция пайда болады

WhatsApp желісінде жаңа функция пайда болады

WhatsApp желісінде жаңа функция пайда болады
ашық дереккөзі
WhatsApp Web-те көптен күткен функция пайда болады, – деп хабарлайды РИА Новости Танымал WhatsApp мессенджерінің компьютерлік және веб нұсқасында қоңырау шалуға мүмкіндік пайда болады. Бағдарламаны жасаушылар дауыс және бейне қоңыраулар функциясын белсенді түрде сынақтан өткізіп жатыр. Пайдаланушылардың бір бөлігіне бағдарламаның жаңартылған интерфейсі ашылды, олардың қосымшасында дауыс немесе бейне қоңырауға жауап беретін түймелер пайда болды. Қазір WhatsApp Web бета-тестілеуден өтуде. Мессенджер смартфондарға арналған эксклюзив функцияның шығатын күнін әлі ресми түрде жариялаған жоқ. Бірақ инсайдерлер хабарлауынша, жақында опция барлық пайдаланушыға қолжетімді болады.