Елімізде халық саны 18 833,1 мың адамға жетті

Елімізде халық саны 18 833,1 мың адамға жетті

Елімізде халық саны 18 833,1 мың адамға жетті
ашық дереккөзі
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстанда халық саны 18 833,1 мың адамға жетті. 2020 жылғы 1 қарашада елімізде халық саны 18 833,1 мың болды. «Оның ішінде қалалықтар – 11 109,8 мың (59%), ауылдықтар – 7 723,3 мың адам (41%). Ерлердің саны 9 136,8 мыңға жетсе, әйел саны көбірек – 9 696,3 мың», – делінген таратылған ақпаратта. Комитет мәліметінше, 2019 жылғы 1 қарашамен салыстырғанда халық саны 240,4 мыңға немесе 1,3 пайызға өскен. Қарастырылып отырған кезеңде ең үлкен өсім еліміздің 3 өңірінде тіркелді. Олар – Алматы (64,8 мың адам), Нұр-Сұлтан (48,9 мың адам) және Шымкент қалалары (36,4 мың адам).