«Қазгидромет» ескертеді: бірқатар өңірде жел күшейіп, көктайғақ болады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін Солтүстік циклон жырасы Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарына әсерін сақтайды, кей жерде қар жауады.

Қазақстанның қалған аумағы антициклонның ықпалында қалады, яғни күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерінде тұман түсіп, күшейеді, солтүстігінде – жаяу бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, қөқтайғақ болып, жел күшейеді, түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Ақмола облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күші15-20 м/с болады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерінде тұман түседі, Жаланашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, қөқтайғақ болады.

Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, қөқтайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жернде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Back to top button