Бес жыл ішінде 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

Бес жыл ішінде 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

Бес жыл ішінде 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылады
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Ақтөбе қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер –Райса Байлиева, Шахан Жолдасбаев, Сауромбек Рахиев, Ақылбек Оралмағанбетов Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің еңбек ұжымымен кездесті. «Бұл сайлау бұрыңғы сайлауға қарағанда ерекше» деген «Nur Otan» партиясының Ақтөбе қалалық штаб басшысының орынбасары Нұрлыбек Жүсіпов университет ұжымын сайлауда қолдау білдіруге шақырды. – Біздің партияның ең басты мақсаты – халықты бір тудың астына біріктіру. Олардың әлеуметтік жағдайын көтеру. Соған ат салысу үшін біріншіден праймериз өткіздік. Басқа да шаралар өтті. Қашан да біздің партия елдің әлеуметтік жағдайын көтеруге тырысады. Халықтың арасында ең көп түсетін сұрақ әлеуметтік мәселеге байланысты екені рас. Сондықтан «Nur Otan» партиясының Ақтөбе қаласы бойынша жеті басымдылығы бар. Бос жұмыс орындарына жыл сайын кемінде 9 мың адам жұмысқа орналасатын болады. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кемінде 100 адамды жыл сайынғы қысқа мерзімді оқытуға жібереміз. Әрине, бұл пандемиядан жұмысынан айрылған қызметкерлердің тапшылығы мен жұмысқа орналасу мәселесін шешуге мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай 30 мыңнан астам жұмыс орнын құрып, жалақыны 161-ден 200 мың теңгеге дейін арттыруға, жұмыссыздық деңгейін 4,8%-дан 4,5%-ға төмендетуге мүмкіндік бар, – деді Ақылбек Оралмағанбетов. Бес жыл Жиында сөз сөйлеген Райса Байлиева бағдарлама аясында спорт саласындағы басымдықтарды айтты. Жаңа дене шынықтыру орталықтары салынатынын айтып өтті. – Бес жыл ішінде Ақтөбе қаласының орта білім беру мектептерінің аумағында орналасқан 48 шағын футбол алаңдары күрделі жөндеуден өтеді. 2021 жылда Дельфин бассейнінің ғимараты қайта жаңартылады. Жыл сайын 30 мың адамды қамтитын 100-ден астам бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізуге көмектесеміз. Бұл тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен қамтуды 33,3%-дан 36%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Спорт қашан да біз үшін маңызды. Сондықтан ақтөбеліктерді «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын, – деді ол. Шахан Жолдасбаев кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа жобаларды айтып, партияның ерекше тұстарын атап өтті. Сауромбек Рахиев та өз кезегінде сайлаушыларға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, оларды 10-қаңтар күні партияны қолдауға шақырды. Ақтөбе қаласын кешенді дамытуға бағытталған бағдарламаны жан-жақты түсіндірді. Жиын соңында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің еңбек ұжымы атынан ұсыныс-тілектер түсті. Олар қоғамдық көліктерді бақылауға алып, халық үшін қашан да әділетті жұмыс жасай берулерін сұрады. Олар үміткерлердің университетке келіп үгіт-насихат жұмыстарын өткізгендеріне алғыстарын білдірді.

Қаржы Nur Otan партиясы Ақтөбе қалалық сайлау қорынан төленді.